20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №5-2/389 

328 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 сәуір, Астана қаласы «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 8 мамыр Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 5-2/389 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап – 25 (жиырма бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияларды көрсетілген қызметті аушының банктік шотына аудару. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінімдерін қабылдау және нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарт (халықаралық стандарттар) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау (бұдан әрі - өтінім) бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінім; 2) міндетті түрде салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын немесе оның (олардың) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну кезінде ИСО 9001*, ИСО 14001*, ИСО 22000* және ХАССП* халықаралық стандарттары талаптарына ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару жүйесінің сәйкестігі сертификатының (сертификаттарының) көшірмесі; * Ескертпе: ИСО (ағылшын тілінен ISO – International Standard for Organization) халықаралық стандарты – стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт; ХАССП (ағылшын тілінен HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт. Осы тармақта көрсетілген құжаттар мемлекеттік қызметті берушіге тиісті жылдың 20 қарашасына дейін ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғаны оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасы қабылданған күн мен уақыт, сондай-ақ құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), байланыс деректері көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің басқару жүйесін дамыту шығындарын субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу журналында тіркелгені туралы белгімен қойылғаны расталады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым­дану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің блогіне беріледі. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымда: жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі; заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар 12. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінімді сенімхат бойынша өкілі арқылы немесе поштамен жібере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген. 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 1407-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-94. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі біріңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүміндігі бар. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі біріңғай байланыс орталығының телефон нөмірі – 1414. «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің халықаралық стандарттың (халықаралық стандарттардың) талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттау бойынша шығындарын субсидиялауға арналған өтінім Күні: «___» _________ 20 __жыл Осымен __________________________________________________ негізінде әрекет (құрылтай құжат) ететін ___________________________________________________________атынан (агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің атауы) басшы ___________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен ________________ бір (стандартты атап өту) немесе бірнеше халықаралық стандартының талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамытқаны және оған (оларға) сәйкестікке сертификаттағаны үшін ________________ теңге сомасында субсидия төлеуді сұрайды. № р/с Деректер көзі Қажетті мәліметтер Деректер 1. Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік** немесе анықтама тіркеу нөмірі тіркеу күні атауы орналасқан жері мемлекеттік тіркеу күні кім берді 2. Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат жеке басын куәландыратын құжаттың нөмері ЖСН** кім берді берілген күні Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі орналасқан жері тіркеу күні кім берді 3. ЭҚТЖЖ-ға** сәйкес қызмет түрі қызметтің негізгі түрі қызметтің қосымша түрі 4. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат актінің нөмірі облыс, аудан қала (кент, елді мекен) мекенжайы кадастр нөмірі барлық алаңы, гектар оның ішінде жыртылған жерлер нысаналы мақсат сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні және кім берді жер учаскісінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушының атауы 5. Ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңделген өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі объектінің сәйкестендіру және құқық белгілейтін құжаты актінің нөмірі облыс, аудан қала (кент, елді мекен) мекенжайы кадастр нөмері мақсатты қолдану сәйкестендіру құжатының нөмірі, берілген күні және кім берді. объектінің меншік иесінің атауы 6. Екінші деңгейлі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бары туралы анықтамасы ЖСК** бенефициар коды Банктің деректемелері: банктің атауы БСК** БСН** 7. Консультантты тартқан жағдайда - тартылған консультант қол қойған орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актісі актінің нөмері актінің жасалған күні оған сәйкес орындалған жұмыстар актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні тартылған консультанттың атауы орындалған жұмыстардың (қызметтердің) түрі (атауы) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) жалпы құны 8. Сертификаттау жөніндегі орган қол қойған орындалған жұмыстар (қызметтер) актісі акт нөмірі актінің жасалған күні оған сәйкес орындалған жұмыстар актісі жасалған шарттың нөмірі мен күні сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы орындалған жұмыстардың (қызметтердің) түрі (атауы) орындалған жұмыстардың (қызметтердің) жалпы сомасы 9. ИСО 9001, ИСО 18000, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандартының талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамытқаны және оларға сәйкестікке сертификаттағаны үшін төлемдер бойынша жазып берілген төлемдік тапсырма*** төлемдік тапсырма нөмері жазып беру күні ақшаны жіберуші банк жіберуші банктің БСН** бенефициар атауы бенефициардың ЖСН/БСН** бенефициарадың БСК** бенефициар банкі бенефициар банктің БСК** төлемнің мақсаты төлемнің кодтық белгісі төлем сомасы 10. ИСО 9001, ИСО 18000, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандартының талаптарына сәйкес басқару жүйелерін дамытқаны және оларға сәйкестікке сертификаттағаны үшін төлемдер бойынша жазып берілген шот-фактура*** реттік нөмері жазып беру күні тауарларды, жұмыстарды, қызметттерді жеткізушінің мекенжайы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер мен алушылар болып табылатын жеке кәсіпкерлерге қатысты - Т.А.Ә.** (ол бар болса) және (немесе) қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген салық төлеушінің атауы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы жеткізушінің ЖСН/БСН** өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы салық салынатын айналымның мөлшері қосымша құн салығының сомасы қосымша құн салығы ескерілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады; ** осы нысанда пайдаланылатын қысқартулар: ЖСК – жеке сәйкестендіру коды; ЭҚТЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші; БСК – банктің сәйкестендіру коды; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмері; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); *** көрсетілген құжаттардағы мәліметтер әрбір шығарылған құжат үшін толтырылады. Бұрын өтінімде көрсетілген халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес басқару жүйесін дамыту және оларға сәйкестікке сертификаттау жөніндегі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің шығындарын өтеу бойынша субсидиялар алмағанымды растаймын. Жалған ақпарат ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын. Басшы_____________ ______________________________________________ (қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Мөр орны «___» _________ 20 __жыл Өтінімге жауапты ____________________________________________________ (өтінім жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Телефон: __________________ Өтінім қарастыруға қабылданды «__» __________ 20__ жыл __________ __________________________________________________________ (қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (барболса)) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11345 болып енгізілді.